Арыстықтар үйлеріне қашан оралады

1736

Бұл сұраққа ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин жауап берді.

Арыстықтар үйлеріне қашан оралады

Арыс тұрғындары қашан үйлеріне қайтатыны және қала инфрақұрылымы қалай қалпына келтірілетіні туралы Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді, деп жазады ortcom.kz.

"Тазарту жұмыстары аяқтағаннан кейін тұрғындарды қайтару мүмкіндігі туралы шешім қабылданып, материалдық залал бойынша бағалау комиссиясы жұмысы жүргізетін болады. Премьер-министр тағайындаған жұмыс тобы Жеңіс Қасымбектің басқаруымен әкімшіліктермен және құрылыс компанияларымен бірлесе отырып, әлеуметтік нысандардың инфрақұрылымы мен тұрғын үйлерге келтірілген залалды бағалайды", – деп хабарлады спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үкіметтік резервтен қаржыландыру бөлінуде. Бағалау есептері ұсынылғаннан кейін, қалпына келтіру жұмыстары басталады", – деді ол.

Юрий Ильин Арыс тұрғындарының қалаға оралуы туралы айтып берді.

"Бұның бәрі қоймалардағы жағдайдың қалпына келтірілуіне, сондай-ақ жинау жылдамдығына байланысты. Мемлекет басшысы барлық жұмыстарды 2-3 күннің ішінде қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды ", – деді Юрий Ильин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу