Арыстықтарды құжаттандыру үшін мобильді орталықтар ұйымдастырылды

1371

Қызметкерлер зардап шеккендерге ақпараттық анықтамаларды алып беріп, құжаттарды қалпына келтіру бойынша қажетті қағаздарды әзірлейді. 

Арыстықтарды құжаттандыру үшін мобильді орталықтар ұйымдастырылды

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацияның Арыс қаласындағы бөлімінің жұмысы тоқтатылған. Онда қызмет көрсететін 55 қызметкердің барлығы отбасыларымен бірге эвакуацияланып, қауіпсіз жерге орналастырылған.

Дегенмен қаладан эвакуацияланған тұрғындар үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемкорпорациясының Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша филиалдарының қызметкерлері қызмет көрсетіп жатыр. 

Мамандар зардап шеккендерге кеңес беріп, мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін қамтамасыз етіп, сондай-ақ жергілікті атқарушы билік органдарымен бірлесіп қаладан құтқарылған және эвакуациялау орындарына жеткізілген адамдардың тізімін жасақтауға жәрдемдесуде. 

"Бүгінгі таңда Шымкент қаласында ұйымдастырылған 15 және Түркістан облысының Ордабасы, Сарыағаш, Қазығұрт, Отырар, Шардара аудандары мен Арыс маңындағы ауылдары үшін 13 эвакуациялау орны жанынан арнайы ашылған пунктерде мемлекеттік корпорация қызметкерлері қажетті мемлекеттік қызметтерді көрсетіп жатыр, бұдан бөлек мобильді ХҚО жұмыс істейді", – деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Мұрат Жұманбай.

Қызметкерлер зардап шеккендерге ақпараттық анықтамаларды алып беріп, құжаттарды қалпына келтіру бойынша қажетті қағаздарды әзірлейді. Бұл ретте тұрғындарды құжаттандыру бойынша миграциялық қызмет басқармасымен жедел түрде ықпалдасу ұйымдастырылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу