Арыстықтарға шипажайға жолдамалар табысталды

812

Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым Арыс қаласының кіре беріс қақпасының құрылысы үшін капсула қойды.

Арыстықтарға шипажайға жолдамалар табысталды

Сондай-ақ, қала тұрғындарына Қазақстан кәсіподақтарының шипажайларына сауықтыру жолдамалары табысталды, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

Федерация басшылығы жарылыс кезінде қайтыс болған жас бүлдіршін Ерболұлы Аянның отбасына барып, көңіл айтты. Аян 2011 жылғы 22 тамызда дүниеге келген. Арыс қаласының бастауыш мектебінің 3-сынып оқушысы болған. 

Еске сала кетсек, Аян 2019 жылғы 24 маусымда орын алған төтенше жағдай кезінде жол-көлік апатына ұшырап, Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 балалар ауруханасының нейрохирургия бөліміне жеткізілген. Өкінішке қарай, Аян сол ауруханада дүниеден өтті.

Кәсіподақ өкілдері Аянның отбасына материалдық көмек көрсетті, сондай-ақ, кәсіподақтар шипажайына сертификат табыстады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу