Арыстың 44 мың тұрғыны Үкіметтен 100 мың теңгеден алады

1443

Премьер-министр орын алған төтенше жағдайға байланысты жиын өткізіп, қаланы қалпына келтіру мәселелерін талқылады.

Арыстың 44 мың тұрғыны  Үкіметтен 100 мың теңгеден алады

 

Премьер-министр Арыс қаласына келді, деп жазды  Түркістан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсен Тәжібаев өзінің Facebook парақшасында.

Премьер-министр орын алған төтенше жағдайға байланысты жиын өткізіп, қаланы қалпына келтіру мәселелерін талқылады.

Арыстық отбасындағы әрбір адамға, яғни 44 мыңнан астам тұрғынға 1 айдың ішінде Үкіметтен 100 мың теңгеден беріледі. Әскери қару-жарақ қоймаса 2 аптада көшіруді бастайды. Қала 1 айда толық жөндеуден өтеді. Арыстық кәсіпкерлерге 1%-бен 5 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несие беріледі.Қала 2 жылдың ішінде толық газдандырылады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу