Арыстың ауруханаларында да жаппай эвакуация жүргізіліп жатыр (видео)

2259

Жарылыс салдарынан зардап шегушілер саны анықталып жатыр.     

Арыстың ауруханаларында да жаппай эвакуация жүргізіліп жатыр (видео)

Түркістан облысының Арыс қаласындағы жойқын жарылыстан кейін, жергілікті халық көшіріліп жатыр.

"Тап қазір халық Шымкент пен Түркістанға көшірілуде. Халықты көшіруге шамамен 40 шақты автобус  жіберілген.  Әзірге зардап шегушілер мен қайтыс болғандар туралы ақпарат жоқ, бар ақпарат осы", – деді жедел желіден хабарлаушы. 

Түркістан облысының  денсаулық  сақтау басқармасы ауруханалардағы емделушілер де көшіріліп жатқанын хабарлады.  Сондай-ақ темір жол қатынасы тоқтаған.   

"Ауруханалардағы емделушілер қызметтік көлікпен және жеке көлікпен әкетіліп жатыр", – деді дереккөз.

Ал әлеуметтік желі  пайдаланушылары әскери бөлім аумағындағы жарылысты, оқиға салдарын жариялап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу