Арыстың тұрғындары ертеңнен бастап үйлеріне қайтарылады

958

Қала тұрғындары 28 маусым таңғы сағат 08:00-ден шаһарға кіргізіле бастайды.

Арыстың тұрғындары ертеңнен бастап үйлеріне қайтарылады

Жарылыстардан кейін Түркістан облысы мен Шымкент қаласын паналаған Арыс қаласының тұрғындары 28 маусым таңғы сағат 08:00-де шаһарға кіргізіле бастайды, деп хабарлады Түркістан облысының әкімдігі.

Осыған орай, жергілікті билік тарапынан арыстықтарды қалаға қайтару жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі хат нұсқасы әлеуметтік желіде жарияланды. Құжатқа Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметовтың қолы қойылыпты.

Хатта, аудан, қала әкімдері эвакуациялық орталықтан арыстықтарды қалаға жеткізу бойынша көлік ұйымдастыру, ондағы үйлерге мамандарды бекіту, ауыз су, азық-түлікпен қамтамасыз ету қажеттігі секілді мәселелер жазылған.

Десе де, соған қарамастан ел арасында "жарылыстан кейін Арыс қаласының радияциясы көтеріліп кетіпті" деген сарында хабар тараған болатын. Мұны естіген қабылдау орталықтарындағы арыстықтар шаһарға қайтуға қорқатындарын ашық айта бастады. Осы орайда, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі, 24 маусым күні Арыстағы ауа құрамына химиялық зерттеу жұмыстары жасалып, ешбір зиянды концентрат анықталмағаны жөнінде ақпарат таратты. Бұл үшін қаланың шығыс, солтүстік-шығыс, оңтүстік-шығыс аумақтарында зерттеулер жүргізілген.

Ал, мамандар бүгін, яғни, 27 маусымда Арыстағы су құрамынан үлгі алыпты. Зерттеу қортындысы 28 маусым күні мәлім болады деп күтіліп отыр.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу