Арыз-шағымдарға жедел жауап беруге әзірміз– Бағдат Қожахметов

1213

Денсаулық сақтау министрлігінің медиа-орталығы іске қосылды. 

Арыз-шағымдарға жедел жауап беруге әзірміз– Бағдат Қожахметов

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов әр аптаның алғашқы күнінде еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде болып жатқан өзгерістер, оның ішінде эпидемиологиялық ахуал мен халыққа көрсетіліп жатқан медициналық жәрдем және індетке қарсы күрестің нәтижелерін баяндап тұратын болды. 

"Денсаулық сақтау министрлігінің медиа-орталығы іске қосылды. Оның негізгі міндеті – қоғамдық ортамен, ақпарат құралдарымен және мемлекеттік органдармен арадағы байланысты нығайту. Министрліктің атына келіп түсетін арыз-шағымдарға жедел жауап беруге әзірміз. Баспасөз мәжілісінде қойылатын сұрақтардан бөлек, менің жеке парақшама жіберілген сұрақтарды, әлеуметтік желіде айтылатын сауалдардың барлығын қамтуға тырысамыз", – деді Бағдат Қожахметов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу