Арзан дизель көрші елдерге тасымалданып жатыр

814

Биыл елде 4,9 млн дизель отыны өндірілмек.

Арзан дизель көрші елдерге тасымалданып жатыр

Қазақстанда өндірілген арзан дизель көрші елдерге тасымалданып жатыр. Бұл туралы Мұнайды тасымалдау және өңдеу департаментінің директоры Бауыржан Сәлімгереев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

2021 жылы республикада дизельді тұтыну айтарлықтай өскен. Әсіресе, тамызда 519 мың тонна дизель тұтынылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 84 мың тоннаға, 2019 жылмен салыстырғанда 37 мың тоннаға артық.

"Бұл елдің ішкі нарығы тарихында болған бір айдағы тұтынудың рекордтық көрсеткіші. Қыркүйектің бірінші жартысында біз осындай жағдайды байқадық", - деді директор ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Бауыржан Сәлімгереев отынды тұтыну көрсеткішінің айтарлықтай өсуі транзиттік жүк тасымалының артуымен байланысты деген пікірде.

"Бүгінде Қазақстанда дизель көрші елдерге қарағанда арзан (Ресей Өзбекстанмен салыстырғанда 90 теңге, 77 теңге және Қырғызстанмен салыстырғанда 60 теңгеге арзан). Бағадағы айырмашылықтың жоғары болуына байланысты барлық транзиттік жүк көлігі отынды бізден алады. Ірі жанармай құю станцияларының дерегінше, қаладағы жанармай құю бекеттері шамамен 80% бензин мен 20% дизелді сатады, ал тасжолдарда орналасқан жанармай құю станцияларындағы жағдай керісінше", - деді басшы.

Директор алдағы айда дизельді тұтыну азаятынын жеткізді.

"Биыл қазанда Павлодар мұнай-химия зауыты жөнделеді. Бұл дизель өндірісіне әсерін тигізеді (отынды өндіру шамамен 110 мың тоннаға азаяды). Сондай-ақ күзгі егіс жұмыстарының аяқталуына байланысты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель жеткізу азаяды (100 мың тонна отын). Бұл отынды тұтынудың жалпы деңгейін төмендетеді", - деді Бауыржан Сәлімгереев.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу