"Тәуке хан бойында орналасқан сауда үйлердің бірінде дүкен иесі спорттық киімдерді арзан бағамен сату акциясын ұйымдастырған. Осыған байланысты ол жерде адамдар көп жиналған. Дүкен ашылған кезде адамдар бір-бірін итеріп, қыса бастады. Оқиға орнына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін учаскелік пунктің учаскелік инспекторлары келді. Зардап шеккендер жоқ. Дүкен иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады", – делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратында.
Әлеуметтік желіде Шымкент қаласындағы киім дүкеніне кезекке тұрған адамдардың видеосы тарады. Онда көпшіліктің бір-бірін қысып, есіктен кіре алмай жатқанын көруге болады. Тіпті, қысылып қалғандар арасында балаларда болған.