Арзан көлікке дәмеленген Ақтау тұрғыны 1,5 млн теңгесінен айырылды

904

Күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. 

Арзан көлікке дәмеленген Ақтау тұрғыны 1,5 млн теңгесінен айырылды Фото: adyrna.kz

Ақтау қаласының тұрғыны арзан көлік алуға көмектесемін деп кейін уәдесінде тұрмаған алаяққа қатысты полицияға арызданды.

Көліктен бөлек, алаяқтық іс-әрекетке барған ер адам жүргізуші куәлігін жасап беремін деп сөз берген. Жәбірленушіге келген жалпы шығынның көлемі 1,5 млн теңгеден асады.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Өзге ақпараттар тергеу мүддесінде жария етілмейді.

– Облыс тұрғындары мен қонақтары назарына! Алаяқтардың құрбаны болып қалмас үшін сіздерді аса сақ болуға шақырамыз. Ешбір жағдайда сенімсіз есепшоттарға ақша аудармаңыздар, – деп атап өтті Маңғыстау облысы ПД.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу