Ас көкнәрінен есірткі жасаған саудагер ұсталды

275

Щучинск қаласының 51 жастағы тұрғыны өз үйінде заңсыз бизнес жасаған.

Ас көкнәрінен есірткі жасаған саудагер ұсталды Фото: polisia.kz

Ақмола полицейлері ас көкнәрінен есірткі жасаған саудагерді ұстады, деп хабарлайды  inbusiness.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Шикізат ретінде ер адам кәдімгі ас көкнәрді қолданып, ал алынған есірткіні тұтынушыларға сатқан. Ақмолалықтың қызметін қыркүйек айында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тоқтатты. Тұрғын апиын көкнәрінің тағы бір партиясын жасап жатқан жерінде ұсталды. Ұсталған адамның үйінде полиция қызметкерлері есірткі жасауға арналған арнайы құрылғыларды тауып, тәркілеген. Барлық тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді", - делінген хабарламада. 

Осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі (Есірткі құралдарын заңсыз дайындау, өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жәбірленуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Баптың санкциясына сәйкес, ақмолалық бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу