Ас үй жиһазының өндірушілері сұраныстың жартысынан көбін қамтамасыз етті

503

Үй жиһазының бөлшек бағасы бір жылда 6%-ға өсті.

Ас үй жиһазының өндірушілері сұраныстың жартысынан көбін қамтамасыз етті

Биыл үге арналған жиһаз өндірісінің көлемі азайды. Energyprom.kz басылымының дерегінше, асхана мен қонақ бөлмеге арналған ағаш жиһаз шығару 2020 жылдың қаңтар және қазан айлары аралығында  34,6%–ға, ас үй жиһазын жасау 15,3% -ға қысқарды. Жатын бөлмеге арналған ағаш жиһазының өндірісі 10,3%-ға өсті
Асхана мен қонақ бөлмеге арналған ағаш жиһаз өндірушілері үш тоқсанның қорытындысы бойынша сұранысты тек 9,4%-ға қамтамасыз етті, ал импорт үлесі 88,2% - дан 90,6%-ға дейін өсті.

Елімізге асхана мен қонақ бөлмеге арналған 322,8 мың дана ағаш жиһаз әкелінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,5%-ға аз. 

Үйге арналған жиһаз көбіне ТМД елдерінен әкелінеді: биылғы жылдың үш тоқсанында  66 мың тонна импортталды. Ал басқа елдерден 12,8 мың тонна жиһаз әкелінді.

Қаңтар және қазан айларында үй жиһазының бөлшек сауда бағасы өткен жылмен салыстырғанда 5,8%-ға өскен. Соңғы бес жылда айтарлықтай өсім 2017  және 2016 жылдары тіркелген болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу