Жетісу облысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген азаматты іздеуге қатысты дабыл жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жоғарыда аталған азамат аса ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде", делінген Сарқан аудандық полиция бөлімінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
Полицейлер азаматтардан іздеуде жүрген адам табылған жағдайда хабарлауды сұрады.
"Сізге қандай да бір ақпарат түскен жағдайда дереу Жетісу облысы бойынша Сарқан АІІБ-нің кезекші бөліміне 8 (72839) 2-15-30, 8 771 978 76 14 телефондары арқылы хабарлауыңызды сұраймыз", делінген полиция хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу