Аса ауыр салмақтағы боксшылардан финалға кім шықты
28 Қараша 2020 18:14 165

+91 келідегі ақтық сында әлем чемпионатының жүлдегері, ұлттық құрама мүшесі Қамшыбек Қоңқабаев пен Түркістан облысының намысын қорғайтын Нұрлан Сапарбай жұдырықтасады.
Жартылай финалда Қоңқабаев жасөспірімдер Олимпиадасының жүлдегері Дамир Тойбайды жеңсе, Сапарбай маңғыстаулық Айболды Дәуренұлын ұтты.
Жеңілген боксшылар ел чемпионатының қола жүлдегері атанғанын айта кету керек.