Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Чехиядан экстрадицияланды

394

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Чехиядан экстрадицияланды Фото: видеодан алынған кадр

Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдікті "Ж"-ны аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Чехиядан экстрадициялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ол 2021 жылдың көктемінде жәбірленушіге халық тұтынатын тауарларды Қазақстаннан Ресейге тасымалдау қызметін ұсынып, одан кейін алдау арқылы жәбірленушінің 19 миллион теңгеге жуық тауарын иемденіп, оны басқа тұлғаларға сатып, ақшасын жымқырған деген күдікке ілінген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдіктініңжасырынуына байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды", - делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Ағымдағы жылдың қаңтарында ол Чехияда ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу