Аса ірі көлемде ақша жымқырған алаяқ Сауд Арабиясынан экстрадицияланды

194

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. 

Аса ірі көлемде ақша жымқырған алаяқ Сауд Арабиясынан экстрадицияланды Фото: canva

Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Сауд Арабиясынан алаяқтық жасағаны үшін жауапқа тартылуы тиіс Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Күдікті 2018-2023 жылдар аралығында алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы Алматы қаласында жәбірленушілердің 19 миллион теңге сомасындағы ақшалай қаражаты мен мүлкін иемденген.

Сонымен қатар, ұзақ уақыт бойы алматылық коммерциялық компанияның 82 млн теңге сомасына алдын ала төленген тауарды жеткізу бойынша міндеттемелерін орындаудан жалтарған.

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің жасырынуына байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.

Осы жылы Сауд Арабиясы аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу