Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті Қырғызстаннан экстрадицияланды

175

Қылмыс жасағаннан кейін алаяқ қашып кеткен, сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған. 

Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті Қырғызстаннан экстрадицияланды Фото: Т—Ж

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан азаматын аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қырғыз Республикасынан экстрадициялады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Күдікті 2023 жылы Алматыда желдетуге арналған бөлшектер мен кондиционерлерді жеткіземіз деген сылтаумен кәсіпкердің 75 миллион теңгеден астам қаржысын жымқырған.

Ағымдағы жылдың мамыр айында ол Бішкек қаласында ұсталып, одан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу