Аса ірі көлемде есірткі сақтағандар ұсталды

538

Күдіктілер кінәсын мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аса ірі көлемде есірткі сақтағандар ұсталды

Аса ірі көлемде есірткі сақтаған жамбылдықтар ұсталды, деп жазады inbusiness.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер жабайы сораны дайындап жатқан 33 және 35 жастағы екі жергілікті тұрғынды ұстады. Ұстау орнына жақын маңдағы аумақты тексеру барысында жалпы салмағы 10 келiден асатын кептірілмеген марихуана табылды.

– Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл баппен 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – деп хабарлады Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы А.Жұмабеков.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу