Аса ірі көлемде мемлекет қаражаты ұрланды

573

Шымкентте 3 мың тонна ұнды өткізу кезінде қаржы жымқырды деген күдікпен "Шымкент әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының" лауазымды қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды. 

Аса ірі көлемде мемлекет қаражаты ұрланды Фото: zakon.kz

Қаржылық мониторингі агенттігінің хабарлауынша әлеуметтік кәсіпкерлік корпоррация қызметкерлері 1-ші сұрыпты ұнды өткізу кезінде аса ірі мөлшерде мемлекет қаражатын ұрлаған. Арнайы аудитордың қорытындысы бойынша қазынаға 69 млн теңге көлемінде залал келген. Бүгінде осы іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне енді.  

Айта кету керек, "Шымкент" әлеуметтік кәсіпкерлік корпоррациясының лауазымды тұлғалары жымқырды деген қаржы, қаладағы әлеуметтік азық-түлік өнімдеріннің бағасын тұрақтандыруға бөлінген.

"Келтірілген залал сомасы 68 800 мың теңге. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық кодекстің 231 бабы бойынша тергеу мүддесіндегі өзге ақпараттар жариялауға жатпайды", дейді ҚР ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу