Аса ірі көлемде синтетикалық есірткі сақтаған күдікті ұсталды

578

Оралған есірткі Көкшетау аумағында таратылуға тиіс болған.

Аса ірі көлемде синтетикалық есірткі сақтаған күдікті ұсталды

Құқық қорғау органдары жалдамалы пәтерге кіріп келгенде ұсталған адам психотроптық заттарды өлшеп-ораумен айналысып жатқан, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

"Ценарий" бойынша есірткі қала аумағында таратылуға тиіс болған.

Ұсталған адам уақытша жалға алған пәтерді тінту кезінде жедел уәкілдер "трамадол" препаратының 18 пластинасын және "тропикамидтің" 16 ампуласын тауып, тәркіледі. Сонымен қатар тәртіп сақшылары салмағы 200 грамнан асатын ақ-сары түсті ұнтақты тапты. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді. 

Полицейлер анықтағандай, 26 жастағы ақмолалық біраз уақыт Көкшетау қаласында есірткі заттарын жасырумен айналысқан. Кейінірек ол "жоғарылауға" ие болып, міндеті тауарды алу және синтетиканы пакеттерге орап, есірткі жасырушыларға тапсыру болды. 

Тәртіп сақшылары пәтерден электронды таразылар мен қалташалар тапты. 

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу