Аса ірі көлемде жемқорлық жасап, жасырынып жүрген күдікті шетелде ұсталды

54

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аса ірі көлемде жемқорлық жасап, жасырынып жүрген күдікті шетелде ұсталды Фото: ҰҚК

2025 жылғы 11 қазанда ҰҚК ҚР ІІМ Интерпол Ұлттық Орталық бюросымен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген елордалық алқаның бұрынғы адвокатын шетелден Астана қаласына жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ер адам аса ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілініп, 2023 жылдан бері әділ соттан жасырынып жүрген.

ҰҚК баспасөз қызметі мәліметінше, қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында қамауда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу