Аса ірі көлемдегі бекіре балығын шекара асырмақ болған әзербайжандық ұсталды

820

Аса ірі көлемдегі бекіре балығын шекара асырмақ болған әзербайжандық ұсталды

Маңғыстау облысында аса ірі көлемдегі бекіре балықтарын шекара асырып жібермек болды деген күдікпен Әзербайжан азаматы ұсталды, деп хабарлайды khabar.kz.

Ол 1 тонна 150 келі қызыл балықты қала сыртындағы өндірістік қоймалардың біріне сақтаған. Контейнер ішіне тоңазытқыш жасап, сонда жасырған. Қазір аулауға тыйым салынған бекіренің қайдан келгені анықталып жатыр. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері мен табиғатты қорғау полицейлері шетел азаматының үстінен қылмыстық іс қозғап, қамауға алды. Бұл – соңғы төрт жылда ең ірі көлемдегі бекіре балығымен ұсталған қылмыстық дерек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу