"Аса қауіпті": Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

293

Төтенше жағдайлар министрлігі ел аймақтарында шілденің аптап ыстығында өрт қаупінің туындауына байланысты ескерту жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Аса қауіпті": Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады Фото: ТЖМ

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, орман және дала алқаптарында жанып жатқан сіріңке мен темекі тұқылын тастауға тыйым салынады.

"Табиғи өрттердің пайда болуының негізгі себептері халықтың отты абайсыз қолдануы және найзағай разрядтары. От жағу, қоқыс пен құрғақ шөпті жағу, шыны заттарды (бөтелкелерді), май жағылған немесе жанғыш заттар сіңірілген материалдарды қалдыру аса қауіпті", – деп ескертті ведомство қызметкерлері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу