Асад: Ердоған Сирия жерін тартып алуды көздеп отыр

1016

Сондай-ақ ол Идлибтегі шайқас республикадағы терроризммен күрестің негізі саналатынын айтты. 

Асад: Ердоған Сирия жерін тартып алуды көздеп отыр

Сирия президенті Башар Асадтың ойынша, Түркия басшысы елдің солтүстігінде өз үстемдігін орнатуға ұмтылуда. Бұл туралы ол Идлиб провинциясындағы сириялық жасақпен кездесу барысында мәлім етті. 

"Түркия президенті Сирияның мұнай мен бидайын жымқырып, Алепподағы зауыттарды көшіріп алды. Енді Ердоған солтүстіктегі жерлерді ондағы табиғи байлықпен қоса тартып алмақшы", – деді Шам елінің басшысы.  

Ол Сирия үшін оның барлық жері бірдей маңызды, сондықтан аймақтағы әскери жағдайға баса назар аударылатынын жеткізді. Және Идлибтегі шайқас Сирияның барлық аудандарындағы терроризм мен анархияға нүкте қоятынын тілге тиек етті. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу