Асайын Байханов Екібастұздағы "МАЭС-1" түтін мұржасын салу барысымен танысты

217

Жаңа түтін мұржасын салу бойынша құны 29,1 млрд теңгеге ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.  

Асайын Байханов Екібастұздағы "МАЭС-1" түтін мұржасын салу барысымен танысты Фото: gov.kz

2025 жылдың сәуір айында кәсіпорында қолданыстағы түтін мұржасын тексеру және жөндеу мақсатында бірінші кезектегі 4 энергоблок тоқтатылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Б.Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1" ЖШС бас директоры Асан Наурызғалиевтің айтуынша, 2025 жылдың қазан-қараша айларында құрылыс-монтаж жұмыстарына, техникалық және авторлық қадағалауға келісім-шарттар жасалып, Павлодар облысының МСҚБ басқармасынан құрылысты бастау туралы хабарлама алынды.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын мердігер ұйымдардың консорциумы жүргізуде. 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жобаға 3 млрд теңге қаржы бөлініп, жұмыстарға 45 адам тартылған.

Жаңа түтін мұржасы қолданыстағы мұржаның жанында салынып жатыр. Бұл электр энергиясын өндірудегі шығындарды азайтып, энергоблоктарды тоқтатуды жоспарлы жөндеулермен үйлестіруге мүмкіндік береді. Нысанның жобалық пайдалану мерзімі – 50 жыл.

Құрылыс аяқталғаннан кейін, 2027 жылдың қазан айынан 2028 жылдың шілде айына дейін ескі түтін мұржасын бұзу жұмыстары жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу