Асарға келген 500 полицей

647

Асарға келген 500 полицей

Астанада тәртіп сақшыларының қатары тағы 500 адамға артты. ЭКСПО қарсаңында бас шаһарға аймақтардан осынша полицей тартылып отыр.

Астана қалалық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, қосымша жасақ 3 ай, яғни, халықаралық көрме аяқталғанға дейін Астанада болуы тиіс. Қазір сақшылар талапқа сай сынақ пен дайындықтан өтіп, сапқа қосылған.

ЭКСПО кезінде елордаға шамамен 5 млн турист келсе, оның 30%-ы шетелдік. Сондықтан қазақ полицейлер туристерге жол сілтеп, қажетінше көмек бере алатын дейңгейде ағылшын тілін меңгеру курстарынан өткен. Ішкі істер министрлігі облыстардан да патрульдік көліктердің жеткізіліп жатқанын хабарлайды.

Автор: Құралай Пионер

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу