Asarume қоры Перизат Қайраттың ісінде жәбірленуші тарап деп танылды

597

Asarume қайырымдылық қоры әлеуметтік желідегі ресми аккаунтында мәлімдеме жасады. 

Asarume қоры Перизат Қайраттың ісінде жәбірленуші тарап деп танылды Фото: Ulysmedia

Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 басшысы Перизат Қайраттың ісіне қатысты тағы бір дерек белгілі болды. Asarume қоры бұл істе жәбірленуші тарап екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігі басшысының қаржы жымқыру ісі қоғамда кеңінен белгілі болды. Біз сенгіміз келмейтін фактілер шындыққа айналып, бұл жағдай елдегі қайырымдылық саласына үлкен соққы болды. Бұл оқиға игі істермен айналысатын әр адамға әсерін тигізіп, қайырымдылыққа деген сенімге күмән ұялатты. Өкінішке қарай, "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" жасаған алаяқтық әрекеттер біздің қорымызға да әсер етті. Тергеу нәтижесінде ОФ "Асар Үме" ресми түрде жәбірленуші тарап деп танылды",  деп хабарлады қор.

Asarume қоры істің мән-жайын толық жариялай алмайтынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу