Асаубаева Никосияда қатарынан екінші рет жеңіске жетті

473

Жарыстың сегізінші турында блицтен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева грузин шахматшысы Белла Хотенашвилиді ұтты. 

Асаубаева Никосияда қатарынан екінші рет жеңіске жетті Фото: Vesti.kz

Бұл жеңістен кейін қазақстандық ойыншы 4 ұпай жинап, турнир кестесіндегі орнын сәл жақсартты, деп хабарлайды inbusiness.kz Sports.kz порталынасілтеме жасап.

Тоғызыншы айналым басталар алдында Бибісара Грузия өкілі Нана Дзагнидземен 7-ші және 8-ші орындарды бөлісіп тұр. Никосия қаласында өтіп жатқан әйелдер Гран-приінің финалдық кезеңіне барлығы 12 шахматшы қатысуда, олар бір-бірімен айналмалы жүйе бойынша ойнайды.

25 мамырда осы жарыстардың келесі кезеңі өтіп, онда Б.Асаубаева поляк спортшысы Оливия Киолбасамен кездеседі.

Еске салайық, бұған дейін Бибісара Асаубаева Кипр гранөпри турнирінде алғаш рет жеңіске жеткенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу