Өзінің айтуынша, тыңдаушылар авторлық курс арқылы жан сауықтыру сабақтарын үйренеді.
195 мың және 1 млн 945 мың теңгелік vip курстың бағдарламалары ұқсас. Тікелей эфирге шығу, медитация, топтық чат, үй тапсырмасы сынды курс әйелдерге үйлесімді, бақытты өмір сүруді үйретіп шығармақ.
Айта кетейік, Әселдің психология және рухани тәжірибелер бойынша білімін растайтын арнайы сертификаттары жоқ.
Тимур Балымбетовтың ютуб арнасына берген сұқбатында ол ішкі тепе-теңдікті іздеу жолымен бөліседі. Сондай-ақ әкесімен татуласудың оның өміріне әсері, жұмыстағы үзілістердің себептері және о сүйікті адамы туралы әңгімелеп берген.
"Өзіңнің идеал адамыңның тізімін жасайсың. Мен 108 пункт жаздым. Өзіме не керек екенін білдім. Ең маңыздысы мейірімді болғаны, осы нәрсе маған жетпеген еді. Кез келген қатынаста кемшілік болады. Қажет тізімді жазасың. Қандай өзгеріс болмасын шынайылық үнемі маңызды", - деген еді актриса.