Әсел Жанасова Сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды

616

ҚР Үкіметінің қаулысымен Жанасова Әсел Жұбанышқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды.

Әсел Жанасова Сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Әсел Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында туған. Кембридж университетін бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы "ENRC Kazakhstan" өндірісті автоматтандыру және байланыс департаментінің ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы болып бастады.

2016-2017 жылдары – "Зерде" ҰБХ" АҚ басқарма төрайымы.

2018-2020 жылдары – "Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры.

2020 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР сауда және интеграция вице-министрі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу