Әсем Нүсіпова Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

558

Әсем Нүсіпова 2020 жылдың шілдесінен бастап қазірге дейін Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарып келді.

Әсем Нүсіпова Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Нүсіпова Әсем Бекқызы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады. 

Әсем Нүсіпова 1975 жылы Алматы қаласында туған.

1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "экономика" мамандығы бойынша, 1998 жылы осы университеттің магистратурасын бітірген. 

2001-2003 жж. — Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, сектор меңгерушісі. 

2003-2005 жж. — ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі.

2005 ж. — ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі.

2005-2007 жж. — ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің қорытынды сараптау бөлімінің меңгерушісі. 

2007-2008 жж. — ҚР денсаулық сақтау вице-министрі.

2008-2016 жж. — "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары. 

2016-2019 жж. — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2020 ж. — "Астана" Халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" АҚ бас консультанты.

2020 жылғы шілдеден бастап қазірге дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу