Әсем Орынбай бастаған Қазақстан мергендер құрамасы Азия чемпионатында үздік үштікке енді

578

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, Қазақстан жастар құрамасы "скит" жаттығуы бойынша Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әсем Орынбай бастаған Қазақстан мергендер құрамасы Азия чемпионатында үздік үштікке енді Фото: olympic.kz

Құрама сапында Максим Почивалов, Ратмир Еникеев пен Илья Пеньков өнер көрсетті.

"Скит" жаттығуы бойынша жасөспірімдер арасындағы жекелей сында Илья Пеньков қола жүлдеге қол жеткізді.

Ал Қазақстанның әйелдер құрамасы "скиттен" командалық жарыста қола жүлдегер атанды. Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панарина үштігі құрлықтағы үздіктер қатарынан көрініп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу