Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында стенд атудан әлем кубогінің финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Аталған сынға Қазақстан атынан жалғыз спортшы ғана шақырту алды. Ол – Әсем Орынбай.
"Скит" бойынша бақ сынайтын Әсем Оңтүстік Кореядағы әлем кубогі кезеңінде үздік бестікке енген болатын. Ал әлем кубогінің финалдық кезеңінде спортшылар іріктеліп шақырылады. Алайда, бұл кезеңде Олимпиада жолдамасы сарапқа салынбайды.
Қазақстан командасы үшін жолдама алатын соңғы мүмкіндік 3 қараша күні басталатын Азия чемпионаты болмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу