Әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды

105

Ішкі істер министрлігі “Заң мен тәртіп” принципі бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды  Фото: news.inbox.lv

Елімізде 30 наурыз бен 3 сәуір аралығында елімізде “Дәрмек” іс-шарасы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның мақсаты – есірткі және психотроптық дәрілердің заңды айналымын бақылау.

     ЖПІШ аясында:

  • әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды;
  • дәріхана қызметкерлеріне қатысты 13 қылмыстық іс тіркелді;
  • мыңнан астам медициналық мекеме және 300 кәсіпорын тексерілді;
  • 209 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды;
  • 500 мыңнан астам дәрі және 1,5 мың тонна прекурсордың айналымы шектелді;
  • 73 кәсіпорын басшысы жауапкершілікке тартылды;
  • 136 медицина қызметкеріне қатысты материалдар жиналды.
  • Алматыда рецептісіз дәрі сатқан төрт дәріхананың фармацевттеріне қатысты қылмыстық істер қозғалды.

Ақтөбеде ірі фармацевтикалық мекемеге қатысты іс қозғалып, 400 мың дәрі тәркіленді.

Түркістан облысында 100 тонна күкірт қышқылы арнайы күзетсіз тасымалданған.

Абай облысында 680 тонна прекурсорды тасымалдау ережесі бұзылған.

Ішкі істер министрлігі ескертеді: мұндай заң бұзушылықтар қоғам үшін қауіпті. Оған заң бойынша жауапкершілік қарастырылған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу