Әсет Ерғалиев: Ауылда 1 719 спорт және 1,5 мың мәдениет нысаны салынып, жаңғыртылады

556

"Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында 2025 жылға қарай ауылдық жерлерде 315 жаңа мектеп салынады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің үкімет отырысында сөйлеген сөзіне сілтеме жасап.

Әсет Ерғалиев: Ауылда 1 719 спорт және 1,5 мың мәдениет нысаны салынып, жаңғыртылады

"Білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру аясында ауылдық жерлерде 5 мың мектепті жаңғырту және 315 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр. Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 100% қамтылады, – деді министр. 

Әсет Ерғалиевтің айтуынша, ауыл мектептерін білікті педагогтармен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. 

"1 095 нысан салу және жаңғырту ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесі қызметтінің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ауылда спортпен айналысу және шығармашылықты дамыту үшін жағдай жасау мақсатында 1 719 спорт және 1,5 мың мәдениет нысаны салынып, жаңғыртылады", – деді Әсет Ерғалиев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу