Әсет Исекешев Пәкістан Премьер-Министрінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісімен кездесті

Әсет Исекешев Пәкістан Премьер-Министрінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісімен кездесті

03 Желтоқсан 2021 19:21 305

Әсет Исекешев Пәкістан Премьер-Министрінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісімен кездесті

Әсет Исекешев Пәкістан Премьер-Министрінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Моид Юсуфпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев Пәкістан Ислам Республикасы Премьер-Министрінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Моид Юсуфпен кездесті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыханов қатысты.

Тараптар өңірлік және жаһандық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, Орталық және Оңтүстік Азиядағы қазіргі сын-тәуекелдер жөнінде, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықтың перспективалары, оның ішінде бітімгершілік туралы пікір алмасты.

Сонымен қатар кездесу барысында әскери-техникалық саладағы өзара екіжақты ықпалдастық, есірткі трафигіне, заңсыз көші-қонға және басқа да қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселелері қозғалды.

Ауғанстандағы жағдайдың даму сценарийлері жан-жақты талқыланды.

Әсет Исекешев пәкістандық әріптесіне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ауғанстанға бес тонна ұн мөлшерінде гуманитарлық көмек көрсетілгені жөнінде мәлімет берді.

Пәкістан делегациясының сапары барысында Моид Юсуфқа цифрлық үкімет офисінің базасында электрондық үкімет, телекоммуникация, білім беру технологиялары және басқа да секторлардағы цифрландыру бағыттары таныстырылды.

Кездесу соңында тараптар қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы кең ауқымды мәселелер бойынша ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдірді.

mal-azygy-zootehnikalyk-normadan-2-ese-az-ondiriledi

elimizde-86-109-zhasospirimge-pfizer-vakcinasy-egildi

eksportty-shekteuden-kim-utady-kim-utylady

ekibastuz-gres-2-de-zhondeu-zhumystary-ayaktaldy

shavkat-mirzieev-memlekettik-saparmen-kelmek

загрузка

×