Әсет Исекешев ШЫҰ елдері қалаларының Мэрлер кеңесін құруды ұсынды

777

Әсет Исекешев ШЫҰ елдері қалаларының Мэрлер кеңесін құруды ұсынды

ТМД-ның астаналары мен ірі қалалары халықаралық ассамблеясының 25-ші сессиясында Астана әкімі Әсет Исекешев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Мэрлер кеңесін құру туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды elorda.info. 

Кеңестің мақсаты — сауда саласындағы ынтымақтастық, қалаларды дамыту саласында технологиялармен алмасу, қала құрылысы, энергия тиімділігі, жаңаратын энергия көздері, смарт-технология, қоғамдық көілктерді дамыту, электронды коммерцияны дамыту, универсиеттер арасында байланыстарды нығайту. Ә. Исекешевтің пікірінше Мэрлер кеңесі тұрақты іс-қимылда болатын прагматикалық алаңға айналуы тиіс.

"Жалпы ШЫҰ құрылымында үкімет басшыларының, сыртқы істер министрлерінің, әр министрлікпен ведомстволардың арнайы кеңестері құрылған. Демек, Мэрлер кеңесін құру бастамамыз да бүгінгі күні барынша өзекті болып отыр. Осы жылдың күзінен-ақ оның жұмысын бастап кетуге дайынбыз. Келер жылы бірінші отырысын өткізер едік. Бұл бастамаға қолдау білдірсеңіздер оны Астанада ұйымдастыра аламыз", — деді Исекешов.

Елорда әкімі. ТМД-ның астаналары мен ірі қалалары халықаралық ассамблеясының 25-ші сессиясына қауымдастыққа мүше 28 қаланың 100-ге жуық өкілі, 5 халықаралық бірлестік пен 7 ғылыми және сараптамалық ұйымның өкілдері қатысуда. Бұл қауымдастық 1998 жылдың 3 қыркүйегінде ТМД-ның 9 мемлекетінің 19 ірі қалалары әкімшіліктерінің бастамасымен құрылған. Бүгінде қауымдастыққа ТМД-ның 9 елінің 87 қаласы, оның ішінде Қазақстанның 9 қаласы кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу