Әсет Исекешев ТМД алаңындағы отырыста өңірлік қауіпсіздік мәселесін көтерді

753

Бүгін ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешев бейнеконференция форматында өткен Тәуелсіз мемлекеттер достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының VIII отырысына қатысты, деп хабарлайды Ақорда.  

Әсет Исекешев ТМД алаңындағы отырыста өңірлік қауіпсіздік мәселесін көтерді

Шараға Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Патрушев, Әзербайжан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Р.Усубов, Армения Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы А.Григорян, Қырғызстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Р.Мусаев, Тәжікстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Махмудзода, Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы В.Махмудов, Түрікменстан Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ч.Аманов, Беларусь Қауіпсіздік кеңесі Мемлекеттік хатшысының орынбасары В.Арчаков, Атқару комитетінің төрағасы – ТМД атқарушы хатшысы С.Лебедев, ҰҚШҰ Бас хатшысы С.Зась қатысты.

Форум барысында ТМД елдеріндегі бүгінгі сын-қатерлер жағдайындағы ынтымақтастық мәселелерінің кең спектрі қаралды.

Соның ішінде коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес пен жаңа биологиялық қауіптерге қарсы іс-қимыл кезіндегі мемлекетаралық шаралар, ақпараттық кеңістікті қорғау саласындағы ынтымақтастық, төтенше жағдайлардың салдарын еңсеру жөніндегі өзара іс-қимыл, Ауғанстандағы қазіргі ахуал және басқа да мәселелер талқыланды.

Әсет Исекешев өз сөзінде өңірлік қауіпсіздіктің ең өзекті аспектілеріне, ТМД елдеріндегі тәуекелдер мен қауіптерді азайту мәселесі мән берді. Атап айтқанда, коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес, су-экологиялық және азық-түлік қауіпсіздігі, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, есірткінің заңсыз айналымы, терроризм мен экстремизмге қарсы күрес бағыттарында бірлескен жұмыстардың қажет екеніне назар аударды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу