Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев білім беру қызметкерлерінің жыл сайынғы тамыз кеңесінде білім саласы өкілдеріне 10 пәтердің кілтін табыс етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осылайша, жаңа пәтердің кілтіне № 4 мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ляззат Атыбай, "Аққу" балалар бақшасының тәрбиешісі Жақсылық Шайхина, №1 ППТК дефектологы Ғайшагүл Жұрқабаева, №17 мектеп директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Гүлхан Мазова, №16 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Евгения Климова, №85 "Мейіржан" балалар бақшасының меңгерушісі Альбина Нартаева, №30 мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Айнұр Бұлақбаев, №32 "Балдәурен" балалар бақшасының меңгерушісі Мейрамгүл Махамбетова, №40 мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Астана қаласы білім басқармасының маманы Гүлім Жусіпова ие болды.
Дәстүрге сәйкес бұл күні қаланың №54 балалар бақшасы, №70 мектбі мен Политехникалық колледжі сияқты 3 үздік білім мекемесіне елорда әкімінің гранты табысталды.
Аталмыш мекемелердің өкілдері 10 млн теңгенің сертификаттарымен марапатталды.
Бұдан бөлек, үздік деп танылған елордалық мұғалімдер мен тәрбиешілерге ҚР білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов мақтау қағаздары мен алғыс хаттар табыс етті.