Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Өрентайұлы Исекешев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
Оның орнына Бақытжан Сағынтаев тағайындалды.
"Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылсын", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу