Әсет Нүсіпов Сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды

159

Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Әсет Нүсіпов Сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әсет Ілиясұлы Нүсіпов сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды. 

1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Иллинойс технологиялық институтын (АҚШ) бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласында "Ұлттық инновациялық қор" АҚ менеджері болып бастаған.

2006 жылдан 2008 жылға дейін "Flagship Ventures" венчурлық капитал фирмасының Венчурлық жобаларды қаржыландыру департаментінде (АҚШ), Вашингтон қ. (АҚШ) "Small Enterprise Assistance Funds" халықаралық инвестициялық фирмасында тағылымдамадан өтті.

2008 жылдан 2010 жылға дейін "Қазақстан инвестициялық қоры" АҚ жобалық менеджері, Дүниежүзілік банкіндегі Орталық Азиядағы өкілдігінің консультанты, Қазақстан Республикасындағы Азия даму банкі өкілдігінің консультанты, "Әлемдік экономиканы зерттеу орталығы" ЖМ директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2010-2015 жылдары  Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының инспекторы, сектор меңгерушісі, Астана қаласы.

2015-2021 жылдары  Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жалпы қауіпсіздік мәселелері бөлімінің сектор меңгерушісі, Астана қаласы.

2021-2023 жылдары  Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жалпы қауіпсіздік мәселелері бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Астана қаласы.

2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін  Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің өзекті қауіпсіздік мәселелері бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Астана қаласы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу