ҚР Үкіметінің қаулысымен Әсет Нұрланұлы Тұрысов бұрынғы қызметінен босатылып, қаржы вице-министрі болып тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz.
Әсет Тұрысов 1987 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы "Қазақтелеком" АҚ-да бастаған.
2010-2011 жылдары – "Қазақтелеком" АҚ-да электрлік байланыс инженері.
2011-2012 жылдары – ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі "Электрондық үкіметті" дамыту және қорғау басқармасы сарапшысының міндетін атқарушы.
2012-2014 жылдары – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Ақпараттандырудың жаңа моделін қалыптастыру және жобалық құжаттаманы талдау басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы.
2014 жылы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК басқарушы директоры.
2014-2017 жылдары "Қазпошта" АҚ құрылымында қызмет етті.
2018-2021 жылдары – "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы.
2021 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі.