Әсет Нұрланұлы Тұрысов 1987 жылы дүниеге келген. 2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2017 жылы "Нархоз" университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы "Қазақтелеком" АҚ-да бастаған.
2010-2011 жылдары — "Қазақтелеком" АҚ электр байланысы инженері.
2011-2012 жылдары — ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті "электрондық үкіметті" дамыту және қорғау басқармасы сарапшысының м. а.
2012-2014 жылдары — ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің жобалық құжаттаманы талдау және ақпараттандыру жаңа моделін қалыптастыру бойынша сарапшы, бас сарапшы.
2014 жылы — "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК басқарушы директоры.
2014-2017 жылдары — "Қазпошта" АҚ құрылымында жұмыс істеді.
2018 жылғы қаңтардан қазірге дейін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.