Асфальт-бетон шығару зауыты салынып жатыр

1358

Асфальт-бетон шығару зауыты салынып жатыр

Атырау облысындағы Теңіз кенішінде "Өмірзақ Сервис" ЖШС-ның асфальт-бетон шығару зауыты жобасы жүзеге асуда, деп хабарлайды atr.kz.

Аталған  жоба құны –  515,7 млн теңге.  Жобалық қуаты – сағатына 100 тонна асфальт, сонымен қатар сағатына 50 тонна бетон өндіру. Кәсіпорын 2017 жылы "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында несиелердің пайыздық ставкасын субсидиялау үшін екінші деңгейлі "АТФ" Банктен 465,0 млн теңге несие алды.

Мекеме мамандарынан алған соңғы мәлімет бойынша қазіргі таңда бетон шығару зауытының құрал-жабдықтары әкелініп, монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Сондай-ақ асфальт шығару зауытының құрал-жабдықтары әкелініп, монтаж жұмыстары аяқталуда.  Жобаны іске қосу мақсатында 50 адам жұмысқа алынған

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу