"Асфальт төселсе болды": Айнұр Тұрсынбаева Демеу Жадыраевтың үйін көрсетті

1538

Айтыскер ақын чемпионға жанкүйер болған жерлестерін көпшілікке үлгі етті.   

"Асфальт төселсе болды": Айнұр Тұрсынбаева Демеу Жадыраевтың үйін көрсетті Фото: коллаж inbusiness.kz

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадыраевтың туған ауылын көрсетіп, жерлестеріне үндеу жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Демеудің туған жері Үшарал халқының махаббатын қараңыздаршы?! "Баласы атқа шапса анасы тақымын қысады" деген осы... Бүкіл әлем көз тігіп отырған жарыста екінші болу үлкен мәртебе! Күміс құтты болсын!” – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Сондай-ақ, ол чемпионның туған жері мен үйін көрсетіп, жерлестеріне үндеу жасады. 

“Демеу бауырымыздың жарысын бәріміз күттік қой. Олимпиаданың күмісі бұйырған екен, құтты болсын! Үшарал халқы алаңға шығып осы жарысты тамашалаған екен... Чемпион ұлдардың ауылына жасалған жағдай бізге де жасала ма деген үміт те бар еді ғой... Осындай батыр ұлдың ауылына да асфальт төсеп, Жетісу жұрты тік тұрып қарсы алғалы жатқан шығар... Медаль құтты болсын қазақ елі”, – деді ақын қыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу