"Аш адамға ақыл қонбайды": депутат халықтың несиесін жауып тастау жолын ұсынды

570

Мәжіліс депутаттары банк секторын сауықтыру үшін Ұлттық қордан бөлінген қаржыға қатысты мәселе көтерді, деп жазады inbusiness.kz.

"Аш адамға ақыл қонбайды": депутат халықтың несиесін жауып тастау жолын ұсынды Фото: inbusiness.kz

"Әрине Үкіметтің халыққа жанашырлықпен несие алма деп ақыл айтып жатқаны дұрыс қой. Бірақ аш адамға ақыл қонбайды. Мынау қымбатшылық кеңірдіктен қысқан кезде ол адамға ақыл жүре ме екен? Сондықтан халықтың қарызын іздеу мәселесінен мына мәселені қозғағым келеді. Прокуратура сіздер ескі Қазақстанның халық алдындағы қарызын неге іздемейсіздер? Сауықтырамыз деп Ұлттық қордан банктерге берілген триллиондаған теңге қарызды қайтаруды неге талап етпейсіздер? Сіздер халықтың қарызын емес, бірнеше банкті біріктіріп, қыруар сауықтыру қаржысын бір банкке жинастырып, оның барлығын сыпырып алып кеткен Назарбаевтық олигархтарға тиесілі банктердің халыққа берешек қарызын неге іздемейсіздер?", - деді депутат Ермұрат Бәпи Парламенттік тыңдауда.

Ермұрат Бәпидің сөзінше, егер бұл қаржы қайтарылса, халықтың қазіргі несие қарызын 10 есе, 20 есе жауып тастауға болар еді. 

Әріптесінің сөзін жалғаған депутат Жигули Дайрабаев өзінің сұрағын Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұловқа қойды. 

"Бізде 12 млн сайлаушы бар. Соның ішінде 8  млн-нан астам азамат несиеге кіріп отыр. Қазақта жақсы сөз бар. Қарыздану – қайыршылықтың белгісі. Бұл біздің мемлекетке үлкен абырой алып бермейді. Соңғы жылдары 7,5 трлн теңге екінші деңгейдегі банктерге қолдау үшін берілген. Оның 1,5 трлн теңгесі қайтарылды. Қалған ақша қайда? Ермұрат Бәпи мырзаның айтып отырғаны рас. Осы деректер дұрыс болатын болса, ол ақшаның бәрі қайда? Бұл біреудің әкесінің ақшасы емес қой, халықтың ақшасы. Неге осы мәселемен жұмыс істемейсіздер?", - деді Жигули Дайрабаев.

Ұлттық Банк өкілі жауап беруге тырысқанымен, артынша ол жазбаша жауап жіберетін болып келісті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу