АҚШ-тың Түркиядағы елшілігі мен консулдығы уақытша жабылды

421

АҚШ-тың Түркиядағы елшілігі мен консулдығы уақытша жабылды

АҚШ-тың Анкарадағы елшілігі мен Стамбұлдағы консулдығы бүгін жабық болады. Бұл туралы Құрама Штаттардың түрік жеріндегі дипмиссия өкілдері ресми түрде мәлім етті, деп хабарлайды 24Хабар.

Осыған байланысты осы күнге белгіленген шаралардың барлығы кейінге шегеірлді. Ал осыған дейін белгісіз біреудің Түркиядағы АҚШ елшілігінің аумағына өтуге әрекет жасағаны туралы хабарланды.

Артынша осы дипмиссияның маңында атыс болған. Естеріңізге сала кетсек, таяуда Ресейдің Түркиядағы Өкілетті және төтенше елшісі Андрей Карлов Анкарадағы галереяда өткізілген шара кезінде сол ғимарат күзетшісінің қолынан қаза тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу