Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

186

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 497-504 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр Фото: ua.depositphotos.com

Ұлттық банктің 16 ақпанға ұсынған ресми бағамы – бір долларға 495,28 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,44 теңге. Еуро – 518,41.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 504 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 500 теңге. Еуро 521-526 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 504,08 теңге, сатып алу құны – 498 теңге. Еуро 525 теңгеден сатылып, 518 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,33-5,46 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 14 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,91 теңгеге төмендеп, 496,04 теңге болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу