Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

229

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 503-509 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр Фото: Freepik

Ұлттық банктің 22 ақпанға ұсынған ресми бағамы – бір долларға 502,47 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,68 теңге. Еуро – 525,83.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 507 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 503 теңге. Еуро 527-532 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 509,6 теңге, сатып алу құны – 503 теңге. Еуро 533 теңгеден сатылып, 526 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,56-5,75 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 21 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,28 теңгеге қымбаттап, 503,22 теңге болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу