Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 497-503 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ұлттық банктің 2 наурызға ұсынған ресми бағамы – бір долларға 499,22 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,64 теңге. Еуро – 519,14.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 502 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 498,6 теңге. Еуро 519-523 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 503 теңге, сатып алу құны – 497,2 теңге. Еуро 524,3 теңгеден сатылып, 517,3 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,46-5,66 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 28 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,82 теңгеге төмендеп, 499,09 теңге болған.